🔰Мектебімізде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес ата-аналармен тренинг сабақ өткізілді. Тренингтің тақырыбы – «Ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынас». Сабақты ДТЖЖО Ж. Андамасова жүргізді.
🔰Тренингтің мақсаты:
ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін арттыру, жағымды қарым-қатынас орнату және ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту.
🔰Жиналыс басында жағымды атмосфера қалыптастыру мақсатында тренинг «Қайталана жалғасқан есім» ойынымен басталды. Бұл ойын ата-аналардың бір-бірімен жақын танысып, еркін қарым-қатынас жасауына ықпал етті.
🔰Тренинг барысында ата-аналар топқа бөлініп, берілген тапсырмалар бойынша топтық жұмыстарын қорғады. Сонымен қатар, «Бес қадам» әдісі арқылы әр ата-ана өз баласының бойындағы жақсы қасиеттерді атап, ой бөлісті.
🔰Жиналыс соңында ата-аналар «Жылы жүрек» стикеріне тренинг сабағы туралы өз пікірлерін жазып, кері байланыс жасады. Көпшілік ата-аналар іс-шараның мазмұнды әрі пайдалы өткенін атап өтті.
🔰Өткізілген тренинг ата-аналардың белсенді қатысуымен өтіп, өзара тәжірибе алмасуға және тәрбиелік мәселелерді бірлесе талқылауға мүмкіндік берді.
#Ата_аналарды_педагогикалық_қолдау_орталығы
