Skip to content

🛎️Ұзақ қоңырау кезінде оқушылардың көңіл күйін көтеру, белсенділігін арттыру мақсатында…

🛎️Ұзақ қоңырау кезінде оқушылардың көңіл күйін көтеру, белсенділігін арттыру мақсатында көңілді үзіліс ұйымдастырылды. Үзіліс барысында оқушылар сергіту жаттығуларын жасап, әуен ырғағымен қимыл-қозғалысқа түсті.
🛎️Сонымен қатар оқушылармен сұхбат жүргізіліп, оларға «Жақсы көретін апайың кім?», «Жақсы көретін досың кім?» деген сұрақтар қойылды. Оқушылар өздерінің сүйікті ұстаздары мен жақын достары туралы жылы лебіздерін білдіріп, ізгі тілектерін айтты.
🛎️Аталған шара оқушылардың бір-біріне және ұстаздарына деген құрметін арттырып, достық қарым-қатынасты нығайтуға, мектепте жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал етті. Көңілді үзіліс оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, сабаққа сергек оралуына мүмкіндік берді.
#көңілдіүзіліс
#көңілдіқоңырау
#көңілдісәттер

Leave a Reply