Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-де мектеп парламентінің ұйымдастыруымен “Сіздің идеяңыз” атты идеялар қорабы жасақталды.
🖊️Аталған бастаманың негізгі мақсаты – оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, олардың пікірін ескеру арқылы мектеп өмірін жақсартуға жағдай жасау, сондай-ақ оқушыларды өз ойларын еркін әрі ашық білдіруге ынталандыру.
📦Идеялар қорабына әрбір оқушы анонимді түрде өз ұсынысын, пікірін немесе идеясын жазып, арнайы қорапқа сала алады. Бұл тәсіл оқушылардың еркін ой айтуына мүмкіндік беріп, олардың бастамаларын қолдауға бағытталған.
📎”Сіздің идеяңыз” идеялар қорабы арқылы жиналған ұсыныстар мектеп әкімшілігі мен мектеп парламенті тарапынан қарастырылып, тиімді әрі іске асыруға болатын идеялар алдағы уақытта мектеп өміріне енгізілетін болады.
#мектеппарламенті
#өзінөзібасқару
