2026 жылдың 22 қаңтар күні Бишеханова А. мен Боранова Г. ұйымдастыруымен 6-сынып оқушылары арасында “Мектеп формасын сақтамаған оқушыға шара қолдану дұрыс па?» тақырыбында зияткерлік ойын өткізілді.
🔹Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мектеп ережелерін сақтау жауапкершілігін түсіндіру, өз пікірін дәлелді түрде жеткізе білуге және әділ шешім қабылдауға үйрету.
🔹Зияткерлік ойын барысында 6-сынып оқушылары белсенділік танытып, сұрақтарға жауап беру, пікірталас жүргізу арқылы өз білімдері мен ой ұшқырлықтарын көрсетті. Оқушылардың сыни ойлау қабілеті мен топта жұмыс жасау дағдылары айқын байқалды.
🔺Ойын қорытындысы бойынша ерекше белсенділік танытқан оқушылар «Ең әділ шешім», «Ең тапқыр команда», «Ең белсенді» номинацияларымен марапатталды.
🔺Аталған іс-шара оқушылардың тәртіп ережелерін түсінуіне, мектеп формасын сақтаудың маңызын ұғынуына және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға оң ықпал етті.
