Skip to content

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасына сәйкес білім беру ұйымында…

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасына сәйкес білім беру ұйымында құтыру, туберкулез және бруцеллез ауруларының алдын алу бойынша түсіндірме-профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Аталған іс-шара 8–11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып, оған жалпы 64 оқушы қамтылды. Түсіндірме жұмыстарын ауыл дәрігері Ж. Кемалова, мектеп медбикесі Б. Абенова және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж. Андамасова жүргізді.
Іс-шара барысында жұқпалы аурулардың негізгі белгілері, таралу жолдары және алдын алу шаралары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, мектептің техникалық қызметкерлері де қатысып, профилактикалық мәліметтермен таныстырылды.

Leave a Reply