Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп КММ-сінде оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, өзара сыйластық пен қолдауды арттыру мақсатында «Досболайық» челленджі ұйымдастырылды.
🔰Челлендж барысында оқушылар бір-біріне жылы лебіз білдіріп, достыққа негізделген іс-әрекеттер арқылы жағымды қарым-қатынас орнатудың маңызын көрсетті. Іс-шара оқушылардың бір-бірін түсінуіне, қолдау көрсетуіне және мектеп ішінде қауіпсіз, жағымды орта қалыптастыруға ықпал етті.
🔰Челленджге белсенді қатысқан оқушылар өз ойларын ортаға салып, достықтың, бірліктің және өзара құрметтің қоғамдағы маңызды құндылық екенін түсінді.
#ДосболLIKE
