Skip to content

Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп КММ-сінде 8-сынып ата-аналарының қатысуымен ата-аналар…

Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп КММ-сінде 8-сынып ата-аналарының қатысуымен ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды.

Бірінші мәселе бойынша 2025-2026оқу жылының ІІ оқу тоқсанының қорытындысы талқыланды. Сынып жетекшісі оқушылардың оқу үлгерімі, сабаққа қатысуы және тәртіп деңгейі туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, үлгерімі төмен оқушылармен жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып, ата-аналарға балалардың оқуына жүйелі түрде бақылау жасау қажеттілігі ескертілді.

Екінші мәселе ретінде қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік мәселелері қарастырылды. Ата-аналарға арналған түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі, жол қозғалысы ережелерін сақтау және киберқауіпсіздік тақырыптары қамтылды. Балалардың қысқы демалыс уақытында қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сіріңке, пиротехникалық бұйымдарды қолдануға тыйым салу, жолда абай болу, сондай-ақ интернет желісінде жеке деректерді қорғау жөнінде нақты нұсқаулар берілді.

Жиналыс барысында ата-аналар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, қойылған сұрақтарға жауаптар алды. Кездесу соңында оқушылардың қауіпсіздігі мен тәрбиесі мектеп пен ата-ананың ортақ жауапкершілігі екені атап өтілді.

Leave a Reply