🎄24 желтоқсан күні МАД тобында «Алақай, Жаңа жыл келді» атты жаңа жылдық ертеңгілік жоғары деңгейде өтті.
🌲Ертеңгілік барысында балалар өз өнерлерін ортаға салып, әсем билер билеп, көңілді әндер орындап, қызықты ойындарға белсене қатысты. Балалардың шат-шадыман күлкісі мен көтеріңкі көңіл күйі мерекенің сәнін арттыра түсті.
🎅🏻🧝♀️Мерекелік кештің көркін Аяз ата мен Ақша қардың келуі аша түсті. Балалар оларды ерекше ықыласпен қарсы алып, бірге ән айтып, би биледі. Сонымен қатар, Жаңа жыл – Жылқы жылының кейіпкері мен Аққала да ертеңгіліктің сәнін келтіріп, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
❄️Ертеңгілік мазмұнды да әсерлі өтіп, балаларға ұмытылмас қуаныш пен жарқын естеліктер сыйлады.❄️
