2025 жылдың 25 желтоқсан күні Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп КММ-сінде ерекше білімді қажет ететін оқушылармен «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында тренинг өткізілді.
📚Тренингтің негізгі мақсаты – оқушылардың түрлі мамандықтар туралы білімін кеңейту, олардың қызығушылығы мен қабілеттерін анықтауға ықпал ету, болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру. Іс-шара барысында оқушылар белсенді қатысып, әр мамандықтың қоғамдағы маңызы туралы түсінік алды. Тренинг оқушылардың өз-өзіне деген сенімділігін арттырып, еңбекке деген оң көзқарас қалыптастыруға бағытталды
