“Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне 34 жыл толуына орай 9-сынып оқушыларының қатысуымен мерекелік құттықтау видеосы дайындалып, көпшілік назарына ұсынылды.
Видеода жас жеткіншектер еліміздің тәуелсіздігіне деген құрметін білдіріп, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін жеткізді.
Құттықтау видеосы көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жас ұрпақтың ел болашағына деген сенімін айқындай түсті. Бұл бастама оқушылардың азаматтық белсенділігін арттырып, ұлттық рухты нығайтуға бағытталды.
🇰🇿 Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болсын!
