Skip to content

Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп КММ-де «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында…

Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп КММ-де «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында 8-сынып оқушыларына арналған танымдық шара ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар Ақжігіт ауылындағы кәсіпкер, ағаш бұйымдарын жасаумен айналысатын шебер Еламанов Бақытжанның жеке шеберханасына барып, оның жұмыс процесімен жақынырақ танысты.
🪵Кәсіпкер оқушыларға өз қолымен жасаған түрлі ағаш бұйымдарын көрсетіп, олардың жасалу кезеңдерін түсіндірді. Шебер ағашты таңдау, кесу, өңдеу, құрастыру және дайын өнімді безендіру жолдары туралы айтып берді. Оқушыларға шеберханадағы құрал-жабдықтардың қызметі таныстырылып, нақты өндіріс барысын көруге мүмкіндік жасалды.
🍀Бақытжан аға оқушыларды еңбекқорлыққа, шығармашылыққа, қолөнерге қызығушылық танытуға шақырып, кәсіби дағдылардың адам өміріндегі маңызын атап өтті. Шара оқушылардың жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын арттырып, кәсіпкерлік жөнінде қосымша түсінік берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *