🔰“Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-де «Мектеп–Ата-ана–бала: бірлескен тәрбие алаңы» тақырыбында әкелермен онкүндік іс-шаралар жоспарына сәйкес 4 мамыр күні апталықтың салтанатты ашылуы өтті.
🔰Шара барысында мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымы әкелерге жоспарланған іс-шаралармен таныстырып, оның маңыздылығына тоқталды. Әкелер өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Кездесу еркін форматта өтіп, ата-аналар мен мектеп арасындағы өзара түсіністік пен қолдауды арттыруға бағытталды.
🔰Іс-шараның негізгі мақсаты – ата-ана, мектеп және қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту, бала тәрбиесінде бірлескен жауапкершілікті арттыру болып табылады.
🔰Аталған онкүндік аясында алдағы уақытта түрлі тәрбиелік, спорттық және танымдық шаралар ұйымдастырылып, әкелердің мектеп өміріне белсенді қатысуы көзделуде.






