“Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-сі Бүгін мектебімізде 7-8 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды анықтап, олардың ғылыми-шығармашылық қабілеттерін қолдау.Шараға оқушылар белсене қатысып, өздерінің білім деңгейін жан-жақты сынап көрді. Әр пән бойынша жоғары нәтиже көрсеткен білімді де алғыр оқушылар анықталып, мектеп намысын аудандық кезеңде қорғауға мүмкіндік алды.Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Барлық қатысушы оқушыларға алдағы аудандық кезеңгеде сәттілік тілейміз!





