"Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің оқушылары жыл сайынғы «Зерде» зерттеушілік және шығармашылық жобалар конкурсына белсенді қатысып, өз ғылыми жұмыстарын қорғауда. Жобаның мақсаты: Оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту, олардың шығармашылық ойлауын жетілдіру, ғылыми ізденіске қызығушылығын арттыру және зерттеу нәтижелерін көпшілік алдында қорғау арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын тұлға қалыптастыру. Қорытындылай келе, «Зерде» ғылыми жобалар байқауына қатысқан оқушыларымыз өз білімін, ізденісін және зерттеу жүргізу қабілетін жоғары деңгейде көрсете алды. Бұл байқау оқушылардың ой-өрісін дамытып, ғылымға деген қызығушылығын арттырды.
Алдағы уақытта да жас зерттеушілеріміздің жаңа идеялары мен жетістіктері көбейе берсін!
