🔰“Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-де 23 сәуір – “Ұлттық кітап күніне” орай “Шығармашылық әлемі” тақырыбында 7–10 сынып оқушылары арасында “Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы” тақырыбында эссе жазу байқауы ұйымдастырылды.
📚Аталған іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиет арқылы рухани құндылықтарды бойына сіңіру, ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
📚Байқау барысында оқушылар өз ойларын жүйелі жеткізіп, балалар әдебиетінің маңыздылығы, оның адамгершілікке, тәрбиелік мәніне тоқталды. Әсіресе, жас ұрпақтың тұлға болып қалыптасуында кітаптың алатын орны ерекше екені кеңінен ашып көрсетілді.
Осындай тағылымды шаралар оқушылардың рухани дамуына оң әсерін тигізіп, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырары сөзсіз.
#Ұлттық_кітап_күні




