Skip to content

“Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-де 7 қараша күні 11-сыныптың…

"Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 7 қараша күні 11-сыныптың ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа ата-аналар қатысты. Күн тәртібінде қамтылған мәселелер:
1. І оқу тоқсанының қорытындысы
2. АПҚО сабағы: «Бүгінгі жасөспірім: Қауіптің белгілері және қорғану тәсілдері». Ата-аналарға І оқу тоқсанының қорытындысы мен оқушылардың тәртібі жөнінде мәліметтер берілді. Сонымен қатар ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының сабағына сай «Бүгінгі жасөспірім: Қауіптің белгілері және қорғану тәсілдері» тақырыбында ата-аналарға видео көрсетіліп, түсінік жұмыс жүргізілді. Интернеттегі негізгі қауіп –қатерлерді тану, оның алдын алу, баламен сенімді диалог құру, отбасы ережелері, цифрлық әлемде профиль құпиялылығын сақтау, қадамдар тізімі, пайдалы ресурстар және кіммен байланысу керектігі туралы айтылды. Сонымен қатар, ата-аналардан АПҚО сабағындағы балалардың онлайн қауіпсіздігі бойынша не білетіні туралы шағын сауалнама алынды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *