📌13 сәуір күні Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп КММ-де 9–11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс өткізілді. Жиналысты мектеп директоры К. Мақсымбай жүргізді.
📌Жиын барысында оқушылардың тәртібі мен қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселелер жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, білім алушылардың мектептегі және қоғамдық орындардағы тәртіп нормаларын сақтау қажеттілігі ерекше назарға алынды. Сонымен қатар, оқушылардың ата-анасының рұқсатынсыз табиғат аясына шықпауы, өз өмірі мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
📌Жиналыста мұғалімдерге сыйлық беру мәселесіне де тоқталып, білім беру үдерісінде мұндай әрекеттерге жол берілмейтіні ескертілді. Сондай-ақ, заңды өкілінсіз, яғни ата-анасының қамқорлығынсыз туыстарының (ата-әжесі, аға-әпкесі және т.б.) қарауында оқып жүрген оқушылардың құқықтық жағдайы сөз болып, бұл мәселені заң аясында реттеу қажеттігі айтылды.
📌Кәмелетке толмаған оқушылардың кешкі уақытта, нақтырақ айтқанда сағат 23:00-ден кейін көшеде жүруіне тыйым салынатыны ескертіліп, ата-аналарға балаларын бақылауды күшейту ұсынылды. Сонымен қатар, оқушылардың кешкі уақытта мейрамхана, кафе сияқты орындарда жұмыс істеуіне жол бермеу керектігі де қатаң түрде айтылды.
📌Бұдан бөлек, оқушылардың сабақтан себепсіз қалмауы, оқу тәртібін сақтау, мектеппен тығыз байланыста болу сияқты өзекті мәселелер көтерілді. Жиналыс соңында ата-аналарға бала тәрбиесінде мектеппен бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығы түсіндіріліп, өзара ынтымақтастықты арттыру қажеттігі атап өтілді.






