14 қараша күні Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп КММ-де ерекше рухани іс-шара өтті.
Мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен өткен «ДосболLike – достық қолын ұсын» атты кездесу оқушыларды бірлікке, мейірімділікке және өзара қолдау көрсетуге шақырды. Мақсаты – досқа көмектесу мәдениетін қалыптастыру, бір-бірімізді бағалай білу және кітап арқылы достықты нығайту болды. Іс-шара барысында оқушылар:
📚достық туралы қызықты әңгімелер тыңдады;
📚бір-біріне қолдау білдірудің түрлі жолдарын талқылады;
📚кітапханаға барып, досымызбен бірге кітап оқудың ерекше атмосферасын сезінді;
📚достық мәнін ашатын әдебиеттермен танысты.
