«Прокурор тәрбиесі» жобасы аясында Бейнеу ауданының прокуратурасы, полиция, білім бөлімі ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының ата-аналары қатысуымен «Қауіпсіз балалық шақ отбасынан басталады» тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, ата-аналардың балаларға деген жауапкершілігін арттыру болды.
Кездесуге 300-ге жуық ата-ана қатысып, құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп және ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған кеңестер берілді.
Сондай-ақ, психолог мамандардың қатысуымен квест ойындары ұйымдастырылып, ата-аналар белсенділік танытып, өзара қарым-қатынас орнатып, ортақ мақсатқа жетуді үйренді.
Аталған бағыттағы іс-шаралар одан әрі өз жалғасын табатын болады.
