Skip to content

🌿“Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-де 9 сәуір күні мектептің…

🌿“Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-де 9 сәуір күні мектептің жас мамандары мен мектеп бітіруші түлектерінің қатысуымен тағылымы мол іс-шара ұйымдастырылды.
🌹Іс-шара барысында мектеп ауласына естелік ретінде роза гүлінің көшеттері отырғызылды. Бұл бастама білім ордасының аумағын көркейтуге, қоршаған ортаға деген жанашырлықты арттыруға және түлектердің мектепке деген ыстық ықыласын білдіруге бағытталды.
🍃Шараға қатысқан түлектер белсенділік танытып, өз үлестерін қосты. Олардың қатарында «Алтын белгіге» үміткер оқушылар Ақторғын мен Марина да ерекше атсалысып, игі істің басы-қасында болды.
🌿Аталған іс-шара оқушыларды еңбекқорлыққа, табиғатты аялауға және туған мектепке деген құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал ететін маңызды бастама болды 🌹🌿

Leave a Reply