8 сәуір күні 🌿 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Ақжігіт жалпы білім беретін мектебінде 🏫 Психологиялық қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Дені саудың – жаны сау» тақырыбында мұғалімдер арасында флешмоб өткізілді 💃🕺
Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру және көтеріңкі көңіл күй қалыптастыру болды 😊
Флешмоб барысында ұстаздар белсенділік танытып, сергектік пен ынтымақтастықтың үлгісін көрсетті. Қатысушылардың көтеріңкі көңіл күйі мен жағымды энергиясы мектеп ұжымына ерекше әсер сыйлады ✨
Аталған іс-шара білім алушыларды денсаулықты сақтауға, дұрыс өмір салтын ұстануға баулумен қатар, мектепте жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға өз үлесін қосты 🌿
#ДенсаулықКүні
