🇰🇿8 сәуір күні «Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің 11-сыныбында «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
🇰🇿Іс-шараның мақсаты – оқушыларға білімнің қоғам дамуындағы маңызын түсіндіру, жаңа Конституцияның ерекшеліктерін таныстыру және білім беру саласына берілген басымдықтар туралы ақпарат беру болды.
🇰🇿Сынып сағаты барысында оқушыларға тақырып аясында мазмұнды мәліметтер ұсынылып, білімнің ел болашағындағы рөлі кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты, сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты.
🇰🇿Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәрбиелік мәні зор, мазмұнды өтті.
Сынып жетекшісі: А. Алланиязова
