“Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-де 🏫 «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай
«Салауатты өмір салты – табысты болашақтың негізі» тақырыбында жалпы республикалық бірыңғай сабақ өткізілді.
✨ Бірыңғай сабақтың негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру, денсаулық сақтаудың профилактикалық бағытын нығайту, сондай-ақ мектеп оқушыларының физикалық және психикалық денсаулықты сақтаудың маңызы туралы хабардарлығын арттыру болды.
👫 Сабаққа мектеп оқушылары белсене қатысып, денсаулықты сақтау, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттердің алдын алу және күн тәртібін тиімді ұйымдастыру жөнінде пайдалы мәліметтер алды.
👩⚕️ Іс-шараны мектеп медбикесі Б. Абенова ұйымдастырып, мазмұнды әрі танымдық түрде өткізді.
💚 Мұндай шаралар оқушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелейді.
🌟 «Салауатты өмір салты – жарқын болашақ кепілі!»
