Skip to content

🏫 «Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ 📅 02.04.2026 күні…

🏫 «Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ
📅 02.04.2026 күні мектебімізде 5-сынып ата-аналарының қатысуымен жиналыс өткізілді. Сынып жетекшісі: Л. Шағанова. Сыныптағы 17 ата-ананың 13-і қатысып, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қаралды.
📌 Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
🔹 «Бала – біздің болашағымыз»
Цифрлық әлемдегі қауіпсіздік мәселелері талқыланып, оқушылардың интернеттегі қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды.
🔹 ІІІ оқу тоқсанының қорытындысы
Тоқсан бойы атқарылған оқу-тәрбие жұмыстарына сараптама жасалып, оқушылардың білім сапасы мен жетістіктері талданды.
🔹 Қауіпсіздік және ескерту шаралары
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында табиғат аясына, тыйым салынатыны туралы ресми хат таныстырылды.

📝 Жиналыс барысында ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, бала қауіпсіздігі мен білім сапасын арттыру бағытында ортақ шешімдер қабылданды.

✨ Бала тәрбиесі мен қауіпсіздігі – мектеп пен ата-ананың бірлескен еңбегінің нәтижесі.

Leave a Reply