Skip to content

🏫 «Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ 2 сәуір күні…

🏫 «Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ 2 сәуір күні мектептің педагог-психологы А. Аскарова ата-аналарға арналған “Атадан – өсиет, анадан – қасиет” тақырыбында тренинг өткізді.
🎯 Тренингтің мақсаты:
Ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру, ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, бала тәрбиесіне қатысты маңызды мәселелерге назар аударту және жан-жақты дамыған, адамгершілігі мол, рухани бай тұлға қалыптастыру.
🧩 Тренинг барысында:
🔹 «Танысу» жаттығулары жүргізілді
🔹 Әртүрлі ойын-жаттығулар ұйымдастырылды
🔹 «Бағыттаушы ата-ана» атты ойын-жаттығуы өткізілді
👨‍👩‍👧 Тренинг соңында ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, пікірлерін білдірді. Кері байланыс орнатылып, пайдалы ұсыныстар айтылды.

✨ Ата-ана мен мектептің бірлескен жұмысы – бала тәрбиесінің негізі!

Leave a Reply