🏫 «Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ
Сәуір айының жоспарына сәйкес 03.04 күні қыздар ұйымының “Сырғалым” клубы аясында “Қыз тәрбиесі – ұрпақ тәрбиесі” тақырыбында 8–11 сынып қыздары арасында жиналыс өткізілді.
🎯 Жиналыстың мақсаты:
Қыз балаларға өнегелі тәрбие беру, олардың бойында әдептілік, жауапкершілік, тазалық, мәдениеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
📌 Қаралған мәселелер:
🔹 Сынып тазалығы
🔹 Мектеп формасын сақтау
🔹 Оқушылар арасындағы қарым-қатынас
🔹 Сабаққа қатысуы мен тәртібі
🔹 Мектептің ішкі ережелерін сақтау
🔹 Қауіпсіздік және жеке бас гигиенасы
🔹 Мәдени іс-шараларға қатысу
🔹 Қосымша мәселелер
👩🏫 Жиналысты мектептің ДТЖЖО Ж. Андамасова және мектеп психологы А. Аскарова жүргізді.
✨ Жиналыс барысында оқушыларға тәртіп сақтау, өзін-өзі ұстау мәдениеті, қыз баланың қоғамдағы орны мен маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
🌸 Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесінің негізі!🌷
