Skip to content

“Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп”КММ – сі 2025 жылғы 5…

“Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп”КММ – сі 2025 жылғы 5 қараша күні Ұлттық тестілеу орталығының Маңғыстау облысы Бейнеу ауылындағы филиал басшысы Салкынов Жанторе Габитович 11-сынып оқушыларына 2026 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындық бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында тестілеудің құрылымы, пәндерді таңдау тәртібі, тіркелу ережелері мен өту кезеңдері туралы толық ақпарат берілді.

Сонымен қатар, оқушыларға ҰБТ-ның жаңа форматы, бейіндік және міндетті пәндер бойынша өзгерістер, тестілеу уақыты мен өткізу тәртібі түсіндірілді. Мұғалімдер мен оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Іс-шараның мақсаты – 2026 жылғы ҰБТ-ға дайындық деңгейін арттыру және оқушыларды тестілеу талаптарымен таныстыру.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *