🦷“Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-де 31 наурыз күні “Болашаққа – сау тіспен” тақырыбында ауыз қуысы гигиенасына арналған танымдық дәріс ұйымдастырылды. Дәрісті мектеп медбикесі Б. Абенова өткізді.
🦷Мақсаты: оқушыларға ауыз қуысының күтімі туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, тіс пен қызыл иек ауруларының алдын алу жолдарын үйрету, жеке бас гигиенасын сақтауға дағдыландыру және ауыз қуысы денсаулығының жалпы денсаулыққа әсерін түсіндіру.
🦷Дәріс барысында оқушыларға тісті дұрыс тазалау ережелері, ауыз қуысына күтім жасаудың маңызы, дұрыс тамақтанудың тіс саулығына әсері туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, зиянды әдеттердің (тәтті тағамдарды шамадан тыс тұтыну, гигиенаны сақтамау) кері әсері түсіндірілді.
🦷Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, пайдалы кеңестер ұсынылды. Дәріс соңында оқушылар ауыз қуысы денсаулығын сақтау – әр адамның күнделікті міндеті екендігін түсініп, белсенділік танытты.
#Bolashakka_saus_tispen
#Болашаққа_сау_тіспен









