🦷Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-де 31 наурыз күні “Болашаққа – сау тіспен” тақырыбында бастауыш сынып оқушылары арасында сурет байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға ауыз қуысы гигиенасының маңызын түсіндіру, тіс күтіміне деген дұрыс көзқарас қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
🦷Байқауды мектеп медбикесі Б. Абенова мен сынып жетекшілері бірлесе ұйымдастырып өткізді. Шара барысында оқушылар өз қиялдары мен шығармашылық қабілеттерін көрсете отырып, тіс күтімі, тазалық, денсаулық тақырыптарында суреттер салды.
🦷Сонымен қатар, оқушыларға ауыз қуысының күтімі, тісті дұрыс тазалау ережелері және оның денсаулыққа тигізер пайдасы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Байқау оқушылардың қызығушылығын арттырып, олардың денсаулыққа деген жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етті.
#bolashakka_saus_tispen
#болашаққа_сау_тіспен








