Skip to content

✏️30 наурыз күні “Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-де 11-сынып…

✏️30 наурыз күні “Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-де 11-сынып оқушыларының ата-аналарымен маңызды жиналыс өткізілді. Жиналысқа мектеп директоры, пән мұғалімдері, сынып жетекшісі, кәсіби бағдар беруші маман және мектеп психологы қатысты.
✏️Жиналыстың негізгі мақсаты – бітіруші сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындау барысын талқылау, ата-аналармен тығыз байланыс орнату және оқушылардың болашақ мамандық таңдауына бағыт-бағдар беру.
✏️Кездесу барысында ҰБТ-ның маңыздылығы, наурыз айындағы тестілеу нәтижелері мен оның қорытындылары жан-жақты сараланып, әр оқушының білім деңгейі талқыланды. Сонымен қатар, шекті балл көрсеткіштері, грантқа түсу мүмкіндіктері, жоғары оқу орындарын дұрыс таңдау жолдары және сұранысқа ие мамандықтар туралы кеңінен ақпарат берілді.
✏️Жиналыс барысында оқушылардың оқу үлгерімі, пәндер бойынша дайындық деңгейі, қосымша сабақтардың тиімділігі, уақытты дұрыс жоспарлау мәселелері де сөз болды. Мектеп психологы тарапынан емтихан алдындағы күйзелісті жеңу, оқушыларға қолдау көрсету жолдары жөнінде кеңестер ұсынылды. Кәсіби бағдар беруші маман оқушылардың қабілеті мен қызығушылығына сай мамандық таңдаудың маңыздылығына тоқталды.
✏️Сондай-ақ, “Алтын белгі” және “Үздік аттестат” үміткерлерінің ата-аналарымен жеке пікір алмасу жүргізіліп, олардың дайындық деңгейі мен алдағы жоспарлары талқыланды.
✏️Жиналыс соңында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Мұндай кездесулердің оқушылардың болашағына дұрыс бағыт-бағдар беруде маңызы зор екендігі атап өтілді.

Leave a Reply