⭕️“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында сәуір айы “Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік” айы болып белгіленді. Осы бағытта мектепте тәрбиелік маңызы зор сынып сағаттары ұйымдастырылып өткізілуде.
🔰Апта дәйексөзі ретінде “Патриотизм жоқ халық – жаны жоқ тәнімен тең” тақырыбы алынып, оқушыларға отансүйгіштік, елге деген құрмет пен жауапкершілік құндылықтары кеңінен түсіндірілді.
📚Осы орайда “Кітап – рухани қазына” тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау, білімнің кітап арқылы қалыптасатынын түсіндіру.
📍Сынып сағаты Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталып, оқушылардың белсенді қатысуымен жалғасты. Сабақ барысында кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы пікір алмасып, түрлі сұрақ-жауаптар ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, кітаптың пайдасы мен оқудың қажеттілігі жөнінде тұжырымдар жасады.
📍Іс-шара соңында оқушылардың белсенділігі бағаланып, сынып сағаты сұрақ-жауап арқылы қорытындыланды.









