⚡️27.03 күні 1-сыныпта «Бала тәрбиесі – ортақ міндет: мектеп пен ата-ана сабақтастығы» тақырыбында ата-анаоарды педагогикалық қолдау орталығының ұйымдастыруымен ата-аналар жиналысы өткізілді.
📌Жиналыстың негізгі мақсаты – бала тәрбиесіндегі мектеп пен ата-ана арасындағы өзара байланысты нығайту, бірлесе жұмыс жасау арқылы оқушылардың жан-жақты дамуына қолдау көрсету. Іс-шара барысында ата-аналарға бала тәрбиесіндегі жауапкершілік, отбасы құндылықтарының маңызы, оқушының оқуына қолдау көрсету жолдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
📌Сонымен қатар, ата-аналар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. Мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз қарым-қатынас бала болашағы үшін маңызды екені атап өтілді.
⚡️Жиналыс өз деңгейінде өтіп, ата-аналар тарапынан оң пікірлер білдірілді.
#Ата_аналарды_педагогикалық_қолдау



