2025 жылдың 4 қарашасында орман шаруашылығы мекемесінде мекеме басшысының орынбасары Бердиев Шалқар мырзамен кездесу өтті. Кездесу барысында “Электрондық еңбек биржасы” платформасының мүмкіндіктері, оның жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер үшін тиімді тұстары талқыланды.
Бердиев Шалқар мырза электрондық еңбек биржасының негізгі қызметтерімен танысып, цифрландыру үдерісінің еңбек нарығындағы рөлін атап өтті. Сонымен қатар, мекеме қызметкерлеріне портал арқылы бос жұмыс орындарын жариялау және үміткерлерді іріктеу тәртібі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу қорытындысында қатысушылар “Электрондық еңбек биржасын” белсенді пайдалану арқылы кадрлық әлеуетті арттыруға және еңбек қатынастарын ашық әрі тиімді жүргізуге мүмкіндік бар екенін айтты.




