🌿 Наурызнама онкүндігі аясында ⚜️
⚜️«Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 20 наурыз — «Ұлттық спорт күніне» орай оқушылар арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.🌱
⚜️Іс-шараның басты мақсаты — оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және ұлттық ойындарды дәріптеу.🌱
⚜️Жарыс барысында оқушылар әртүрлі ұлттық спорт түрлерінен өз бақтарын сынап, белсенділік танытты. Қатысушылар ептілік пен жылдамдықтарын көрсетіп, достық пен бірліктің үлгісін көрсете білді.🌱
⚜️Аталған шара оқушылардың ұлттық рухын көтеріп, спортқа деген қызығушылығын арттыра түсті. ✨
#Наурызнама
