Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ-сінде 19 наурыз күні сағат 11:00-де «Күй күмбірі» тақырыбында республикалық домбырашылар акциясы өткізілді.
🪕Іс-шараға мектебіміздің «Дарын домбыра» үйірмесінің оқушылары қатысып, ұлттық өнерді дәріптеу мақсатында өз өнерлерін ортаға салды.
🪕Атап айтқанда, 8-сынып оқушысы Есен Айнамкөз «Ерке сылқым» күйін, ал 8-сынып оқушысы Төлебай Ақмаржан «Тепеңкөк» күйін орындады.
