"Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп" КММ-де қосымша білім беру педагогының айлық жоспарына сәйкес "Шықбермес Шығайбай" ертегісі негізінде сахналық қойылым ұйымдастырылды.
Қойылым барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, кейіпкерлердің образын шынайы сомдай білді. Ертегінің тәрбиелік мәні зор болып, көрермендерге сараңдық пен жомарттықтың айырмашылығын ұғындыруға мүмкіндік берді.
Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан драма жетекшісі Күзенбаева Назира апайымызға алғысымызды білдіреміз!












