🌿✨ Наурызнама онкүндігі аясында ✨🌿
⚜️18 наурыз – «Ұлттық киім күні» мерекесіне орай мектебімізде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тәрбиелік іс-шара өткізілді.
📍Мақсаты:
оқушылардың ұлттық киімге деген құрметін арттыру, қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдени мұрасын насихаттау, ұлттық сана-сезімін қалыптастыру.
⚜️Іс-шара барысында оқушылар мен ұстаздар ұлттық киім үлгілерін киіп, олардың ерекшеліктері мен маңыздылығы туралы мағлұматтармен бөлісті. Сонымен қатар, ұлттық нақыштағы көріністер көрсетіліп, оқушылар өз өнерлерін ортаға салды.
⚜️Шара ұлттық рухты көтеріп, оқушылардың мәдениетке деген қызығушылығын арттырды.
#Наурызнама
#онкүндік
