🌿Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ-де Амал мерекесіне орай «Кел төрле, Наурызым!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
⚜️Шараның мақсаты – ұлттық дәстүрімізді дәріптеу, жас ұрпақтың бойына салт-дәстүрге деген құрмет пен ұлттық құндылықтарды сіңіру.
⚜️Мерекелік шара барысында әжелеріміз ақ ниетпен шашу шашып, келіндеріміз ізетпен сәлем салды. Ақ жаулықты аналарымыз бен үлкендеріміз жүрекжарды тілектерін айтып, ақ баталарын берді.
⚜️Ұлттық дәстүрге толы бұл шара барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, береке мен бірліктің, сыйластық пен татулықтың көрінісіне айналды.
⚜️Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Амал мерекесі құтты болсын!
#наурыз
