”Қауіпті челлендждер” “Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ-де «Қауіпті челленждер» тақырыбында Бейнеу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Бейнеу АПБ ЖПҚБ УПИ полиция капитаны Н. Базарбаев, Бейнеу АПБ ЖПҚБ УПИК полиция лейтенанты Ж. Салиев ,Бейнеу АПБ ЖПҚБ ЮПТ КТІЖ аға УПИ Балтабаев Еркін Оралбаевичпен кездесу өткізілді.
Челленджтің мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің цифрлық, физикалық және психологиялық қауіпсіздік мәселелеріне жауапты әрі саналы көзқарасын қалыптастыру, интернет кеңістігінде және күнделікті өмірде қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамыту, сондай-ақ бала-жасөспірім ортасында достық, сенім және өзара көмектесу құндылықтарын нығайту.
Міндеттері:
оқушылардың цифрлық сауаттылық деңгейін және интернет пен әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде туындайтын қауіптер туралы хабардарлығын арттыру;
балалар мен жасөспірімдерге онлайн-ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жеке деректерін қорғау және интернеттегі қауіп-қатерлерді тану қабілетін дамыту;
балаларды жағымды белсенділік түрлеріне тарту арқылы кибербуллингтің, интернет-тәуелділіктің және деструктивті онлайн-ықпалдың алдын алу;
цифрлық кеңістікте жауапты және этикалық қарым-қатынас мәдениетін дамыту;
мектеп, ата-аналар және балалардың интернеттегі қауіпсіздігі мәселелері бойынша мамандар арасындағы ынтымақтастықты нығайту;
оқушылар арасында достық, өзара құрмет және өзара көмектесу құндылықтарын қалыптастыру арқылы қауіпсіз әрі үйлесімді қарым-қатынас негізін қалыптастыруға ықпал ету.
Кездесуге 7-11 сынып оқушылары, сынып жетекшілер, әлеуметтік педагог, мектеп психологы, ДТІЖО , барлығы 78 адам қатысты.
#желідегіқауіпсіздік2025 ##безопасностьвсети2025
#адал_ азамат_біртұтас_тәрбие
@Orken Institute
Бейнеу Оқу-әдістемелік-орталығы
Маңғыстау облысының білім басқармасы




