«Еңбек – адал жас өрен» жобасы аясында
Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп КММ-сі Сам орман және жануарлар дүниесін қорғау КММ-мен бірлесе отырып «Табиғатты қорғаймыз» тақырыбында құстарға ұя жасау іс-шарасын өткізуде.
Табиғат – адам өмірінің ең маңызды байлығы. Ормандар, жануарлар мен құстар табиғат тепе-теңдігін сақтауда үлкен рөл атқарады. Құстар зиянды жәндіктерді жеп, ағаштарды қорғайды және табиғаттың әсемдігін арттырады. Бірақ соңғы жылдары ағаштардың азаюы, қоршаған ортаның ластануы салдарынан кейбір құстарға ұя табу қиынға соғып отыр.
Сондықтан адамдар құстарға көмектесу үшін арнайы жасанды ұялар (ұя қораптар) жасап, ағаштарға іледі. Бұл құстардың қауіпсіз өмір сүруіне және көбеюіне мүмкіндік береді. Ұя жасау – табиғатты қорғаудың қарапайым әрі пайдалы жолдарының бірі.
8-сынып оқушылары бұл шараға белсенді қатысып, ағаштан құстарға арналған ұялар жасап, оларды мектеп ауласына және орман аумағына орнатады. Бұл іс-шара оқушылардың еңбекке деген жауапкершілігін арттырып, табиғатты қорғауға тәрбиелейді.
