«Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ-де «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жылдық жоспарға сәйкес мереке күніне орай бастауыш сынып оқушылары арасында «Кішкентай арулар» атты сайыс ұйымдастырылды.
🌷Сайыстың мақсаты – қазақ халқының өнері мен салт-дәстүрін дәріптеу, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, сондай-ақ қыз балалардың өнері мен шеберлігін шыңдау.
🌷Сайысқа мектебіміздің кішкентай арулары белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Қатысушылар:
🌺Олжабай Сымбат – 4 «А» сыныбы
🌺Қарлыбай Ұлболсын – 4 «Ә» сыныбы
🌺Насихат Айзере – 4 «А» сыныбы
🌺Сембі Мәнсия – 3 сынып
🌺Ерғали Айзере – 2 сынып
🌷Кішкентай аруларымыз сайыс барысында 4 кезең бойынша сынға түсті:
1. «Сәлемдесу»
2. «Өз өнері»
3. «Білім сайысы»
4. «Сән үлгісі»
🌷Әр қатысушы өздерінің білімдерін, өнерлерін және сахна мәдениетін көрсете білді. Сайыс қорытындысы бойынша қатысушылар «Талантты қыз», «Білімді қыз», «Сымбатты қыз», «Биші қыз», «Әдемі қыз» номинацияларымен марапатталды.
🌷Шара барысында бастауыш сынып оқушылары аналар туралы әндер орындап, түрлі ұлт өкілдерінің билерін билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
🌷Осындай әдемі кештің өтуіне қолдау көрсеткен аналарға және сайысқа қатысқан кішкентай аруларымызға алғыс білдіреміз.
