Skip to content

⚜️«Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ-де ⚜️«Адал азамат» біртұтас тәрбие…

⚜️«Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ-де ⚜️«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ қызының ибалығы мен инабаттылығын насихаттау мақсатында «Бұрымды қыз» челленджісі ұйымдастырылды.
🌷Аталған челленджге 5–10 сынып аралығындағы қыз балалар белсене қатысып, өздерінің әдептілігі мен көркем мінезін, ұлттық нақыштағы бейнесін көпшілікке паш етті. Шара барысында қатысушылар қазақ қызына тән сыпайылықты, нәзіктік пен тәрбиелілікті үлгі етіп көрсетті.
🌹Челлендж қорытындысы мектептің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланып, ең көп қолдау мен ұпай жинаған аруларымыз жүлделі дипломдармен марапатталды.
🌷Бұл іс-шара жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен дәстүрге деген құрметті сіңіріп, қыз баланың қоғамдағы орны мен тәрбиелік маңызын айқындай түсті.🪷
#Бұрымды_қыз

Leave a Reply