Skip to content

🌷8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ақжігіт жалпы білім…

🌷8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің 10-сынып оқушылары сынып жетекшісі А. Когашованың бастамасымен ерекше мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
🌷Ұл балалар қыз сыныптастарының үйлеріне арнайы барып, ата-аналарымен бірге тосын сый жасап, мерекелік көңіл күй сыйлады. Бұл игі қадам – қыз балаларға деген құрметтің, аналарға деген шынайы алғыстың жарқын көрінісі болды.
🌷Оқушылар аналарға арнап жүрекжарды тілектерін білдіріп, ізгі лебіздерін жолдады. Әсем сөздер мен жылы құттықтаулар аналардың жүрегіне қуаныш сыйлап, жүздеріне шаттық нұрын ұялатты. Ата-аналар балалардың ілтипатына риза болып, ақ баталарын беріп, алғыстарын жаудырды.
🌷Бұл мерекелік кездесу – сыйластық пен ізеттіліктің, ұйымшылдық пен тәрбиенің үлгісін көрсеткен тағылымды шара болды. Көктем мерекесі әр шаңыраққа шаттық пен береке алып келді.
#8наурызмерекесі_құтты_болсын🌹

Leave a Reply