1 қыркүйек – Білім күні мерекесіне орай мектебімізде жаңа 2025-2026 оқу жылына арналған «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиыны болып өтті.
Салтанатты шараға 1-11 сынып оқушылары, ата-аналар мен ұстаздар және Бейнеу аудандық прокурорының орынбасары Ермеков Саламат Сайлауұлы қатысты.
Жиында мектеп директоры Мақсымбай Күмісбек Жаңбырханұлы мектеп шәкірттері мен ұстаздарға мерейі үстем жыл болуына, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндер мен 11-сынып оқушыларына биылғы оқу жылында білімнің асқақ шыңына көтеріліп, мол табыстар мен ізденістерге жете берулеріне тілектестігін білдірді.
Салтанатты жиын қонақтары ұстаздарды, оқушыларды, ата-аналарды 1 қыркүйек – білім күні мерекесімен құттықтап, сәттілік тіледі.
Білім күні құтты болсын! Шәкірттеріміздің болашақтары жарқын болып, әрдайым жеңіс биігінен көрініп, өсіп – өркендей берсін!
🔔Бүгін – Білім күні. Күздің алғашқы күні
🎊Жаңа оқу жылы құтты болсын! Барлық ұстаздар мен оқушыларға толағай табыстар мен сәттілік тілейміз.



