“Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-де Мектеп Парламентінің ұйымдастыруымен “Барлығыңа рақмет!” атты челлендж өтті.
🩸Аталған челлендждің мақсаты – мектеп ұжымына құрмет көрсету, ризашылық мәдениетін қалыптастыру және оқушылардың бойында алғыс айту қасиетін дамыту болды.
🩸Шара барысында оқушылар өз ұстаздарына және мектеп қызметкерлеріне алғыс айтып, сый-сияпаттарын табыстады. Жылы лебіздер мен жүрекжарды тілектер айтылып, ұстаздар еңбегіне деген құрмет ерекше көрініс тапты.
🩸Челлендж жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мектеп ұжымы мен оқушылар арасында сыйластық пен бірлікті нығайтуға өз үлесін қосты.
#бейнеуалғыскүні
