“Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-де “Бауырсақ Party!” атты челлендж ұйымдастырылып өткізілді.
📍Шараның басты мақсаты – ұлттық дәстүрді дәріптеу, үлкенге құрмет көрсету және мектеп ұжымына ризашылық білдіру болды. Челлендж барысында оқушылар ұстаздарына және мектеп қызметкерлеріне арнап бауырсақ ұсынып, сый-сияпат көрсетіп, жүрекжарды алғыстарын білдірді.
📍Іс-шара оқушылардың ұйымшылдығын арттырып, сыйластық пен бірлік құндылықтарын нығайтты. Ұлттық тағам арқылы құрмет көрсету дәстүрі ерекше көңіл күй сыйлап, шара жоғары деңгейде өтті.
#бейнеуалғыскүні
