“Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-де 1-сынып оқушыларының қатысуымен “Алғыс бәріне!” атты тәрбиелік іс-шара өткізілді.
⚜️Іс-шараның мақсаты – кішкентай бүлдіршіндердің бойына ризашылық, құрмет және сыйластық қасиеттерін қалыптастыру, алғыс айтудың маңызын түсіндіру болды.
⚜️Шара барысында оқушылар өз ұстаздарына, сыныптастарына, сондай-ақ мектеп асханасында еңбек етіп жүрген асханашы апайларына шынайы алғыстарын білдірді. Балалар жылы сөздерін айтып, жүрекжарды тілектерін арнады.
⚜️Іс-шара оқушылардың адамгершілік құндылықтарды түсінуіне, бір-біріне деген мейірімділік пен құрмет сезімдерін арттыруға ықпал етті. Шара әсерлі әрі мазмұнды өтті.
#бейнеуалғыскүні
