Мектебімізде Алғыс күніне арнап «Алғыс жәшігі» Өзін өзі басқару ұйымы ұйымдастырды. Арнайы дайындалған алғыс жәшігіне оқушылар өз ата-аналары мен ұстаздарына арнап жүрекжарды тілектерін, жылы лебіздері мен алғыс сөздерін жазып салды. Әр хатта шынайы ризашылық пен бала көңілдің ақ ниеті көрініс тапты.
#бейнеуалғысайтукүні
