♟️26 ақпан күні Қ. Бақтыбайұлы атындағы өнер мектебі жанынан ашылған шахмат үйірмесінің «Ойлай білсең – оза шабарсың» атты апталығы аясында «Шахмат – ақыл-ой спорты» атты жарыс өткізілді.
♟️Аталған сайысқа «Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» оқушылары белсене қатысып, өздерінің логикалық ойлау қабілеттері мен зейіндерін жоғары деңгейде көрсете білді. Тартысты өткен жарыс барысында оқушыларымыз үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
♟️Бұл жетістік – шәкірттеріміздің табандылығы мен ұстаздарының тынымсыз еңбегінің жемісі. Жас шахматшыларымызға алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз! ♟️




