Skip to content

«Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ-де Мектеп Парламенті ұйымының ұйымдастыруымен…

«Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ-де Мектеп Парламенті ұйымының ұйымдастыруымен 11-сынып оқушыларына арналған «Анадан хат» атты тәрбиелік шара өткізілді.
🎯Шараның мақсаты – оқушыларға ана мейірімін сезіндіру, ата-анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, жүрек жылуын жеткізу болды.
❤️Іс-шара барысында оқушылар аналарының өздеріне арнап жазған хаттарын оқыды. Әр хаттан аналардың жүрекжарды тілегі, ақ батасы мен шексіз махаббаты сезіліп тұрды. Хатты оқи отырып, оқушылар ерекше әсерге бөленіп, толқынысты сәттерді бастан кешірді.
❤️«Анадан хат» шарасы жас түлектердің жүрегіне мейірім ұялатып, ата-ана қадірін терең түсінуге мүмкіндік берген тағылымды кездесу болды.
#мектеппарламенті
#анаданхат

Leave a Reply